Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Ақпан, 2018

«Цифрлық университет» халықаралық Қазақстан-Ресей семинары

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Цифрлық университет» халықаралық Қазақстан-Ресей семинары өтті.  Жиынның мақсаты - цифрлық университеттің мәні, ерекшелігі және технологиясын талқылау, Абай атындағы ҚазҰПУ-де білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасын ашу болды. Халықаралық семинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Такир Балықбаев, МҚПУ-нің ректоры Игорь Реморенко, РБА-нің корреспондент мүшесі, МҚПУ-нің профессоры Сергей Григорьев, МҚПУ-нің профессоры Вадим Гриншкун, В.П. Астафьев атындағы КМПУ-нің профессоры Николай Пак, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, РБАА-нің академигі, п.ғ.д., профессор Есен Бидайбеков, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры Бахытжан Ахметов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мәліметтерді талдау және өңдеу орталығының директоры Ж. Мамықова, Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ каф. меңгерушісі Қайсар Нұрлыбаев, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы (Техас университеті) бойынша біліктілікті арттыру курсының түлегі Гүлзада Сержан, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нен өкілдер қатысты.          Үш күнге созылатын семинар жұмысында цифрлық университеттің құрылымы мен тұжырымдамасының мазмұны бойынша ұсыныстар жасау; педагогтарды білім беруде цифрлық технологияларды пайдалануға дайындау; білімді ақпараттандыру және білім технологиялары жөнінде халықаралық ғылыми зертхананың жұмыс жоспарын талдау бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастыру мәселелері қарастырылатын болады.  

1452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз