Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2018

Ақышев қазақстандықтарға кредит алмауға кеңес берді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарға кредит алмауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

"Ұлттық банк қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында халықпен жұмыс істеп жатыр. Осы мәселемен кешенді түрде айналысуға тырысамыз. Осы орайда биыл қаржы сауаттылығын арттыру бағытында стратегия дайындауды бастадық", - деді Данияр Ақышев.

"Дегенмен зейнеткерлерге бірнеше кеңес бергім келеді. Біріншісі - ақшаны үйде емес, банкте сақтаған дұрыс. Бұл ақшаның түгел тұруын қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, қазіргі уақытта мемлекет он миллион теңгеге дейін депозитке кепіл береді. Екіншісі, Ұлттық банк лицензия бермеген компанияларға сенбеу керек. Үшіншіден, ақшаны бөтен адамдарға сеніп тапсырмаңыздар. Төртіншіден, несие алмаңыздар", - деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

687 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз