Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Ақпан, 2018

Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварес арасында болатын жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

 Реванш бірінші жекпе-жек өткен жер Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Бұл туралы кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин айтты.

«Реванш бірінші жекпе-жек өтетін жерде болса әділ болар еді. Бұл жолы судьяның шешімімен драма болмайды. Бірінші жекпе-жекте барлық белдіктерім өзімде қалып, рингтен чемпион болып кеттім. Мен екінші жекпе-жекте де жеңісті қолдан бермеймін. Бұл менің рекордтық жекпе-жегім болады, және өзім үшін де, T-Mobile Arena үшін де ұмытылмас түн болады», - дейді боксшы.

Бірінші жекпе-жек 16 қыркүйекте болған және теңбе-тең болып аяқталған. Бокс әлеміндегілердің басым бөлігі жеңіс Головкинге берілуі керектігін айтқан болатын.

494 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз