Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Ақпан, 2018

Б. Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Палата президенті, «КАТКО» ЖШС бас директоры Жерар Фриестің басшылық етуімен «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесті.

 Кездесу барысында сауда және инвестициялар, энергетика және мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм және басқа да салалардағы Қазақстан–Франция қарым-қатынасын нығайту мәселелері қаралды.

Анықтама: 2017 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы $3,39 млрд құрады (экспорт — $2,86 млрд, импорт — $535 млн), бұл 2016 жылға қарағанда 38%-ға жоғары ($2,45 млрд).

2005 жылдан бастап 2017 жылдың І жартыжылдығына дейін ҚР экономикасына француз инвестицияларының көлемі  $13,77 млрд құрады.

Қазақстанда «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» секілді және т.б. француз капиталының қатысуымен 140-тан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр.

712 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз