Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 26 Ақпан, 2018

Басылым атауы өзгерді

Құрметті оқырман! 2018 жылдың 1 наурызынан бастап «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Экономика» апталық басылымы «Tenge Monitor» деген жаңа атаумен түрлі-түсті бояуда А-2 форматынан D2 форматына ауысып, жаңартылған дизайнда жарық көре бастады. Республикалық экономикалық апталық әдеттегідей жұмасына бір рет өздеріңізбен қауышып, елдегі әкімшілік-саяси және кәсіпкерлік мәселелерімен, елдегі экономикалық жаңалықтар мен өзгерістер жайлы тың ақпараттармен хабардар етіп отырады. Заман талабына сай көрнекілік және шығармашылық тұрғыда жетілдірілген басылым алдағы уақытта да көзі қарақты оқырманның көкейінен шығатын жарияланымдармен сіздерді қуантып отырады деген үміттеміз. Іскер басылымдардың әлемдік стандарттарына сай өзгертілген қазақ тіліндегі экономика жаршысы «Tenge Monitor» сенімді серігіңізге айналсын!

937 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз