Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 01 Наурыз, 2018

Тарихи атаулар тағылымы

<Саудакент ауылының маңында Бестоғай деп аталатын табиғаты көркем мекен орналасқан. Ертеректе бұл жерде Ыстының Тілік тайпасынан шыққан Жомарт, Нарт, Қаспақ, Сабата, Сәрсек деген кісілері қоныстанған екен. Еңбекқорлығымен  ерекшеленген рулас бауырлар әр түкпірден сан алуан жеміс ағаштарын әкеліп, егін отырғызып, Шабықтының батыс қанатын гүлденген алқапқа айналдырады. Олар айналасындағы жұртқа қайырымдылық жасап,  қамқорлығына алған. Бесеудің отырған қоныстары кейін Бестоғай атанған. Мемлекет басшысы: "Туған жердің әр сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар", - деп өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтпақшы, қазақ жері тұнып тұрған аңызға бай өлке. Әр мекеннің тарихына үңіліп, жер-су атауларын кейінгі ұрпаққа жеткізу бүгінгінің еншісінде. Толығырақ, "Ана тілі" басылымының жаңа санынан оқыңыздар. http://anatili.kazgazeta.kz/?p=47199  

960 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз