Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Наурыз, 2018

Алексей Полторанин Әлем кубогы кезеңінде бірінші орын алды

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында жеңіс тұғырына көтерілді. Отандасымыз Лахтиде (Финляндия) өткен әлем кубогының тоғызыншы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

 15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өту сайысында Алексей үздік екенін тағы бір дәлелдеді. Аталған қашықтықты 33 минут 11,9 секундта бағындырып, бәрін басып озды.

Күміс жүлдені ресейлік шаңғышы Александр Большунов иеленді. Қола медальға Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында марафон жарысында жеңімпаз атанған фин Ийво Нисканен ие болды. Айта кетейік, Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Алексейдің оң жамсбасына келетін 15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өту сайысы жарыс бағдарламасында болған жоқ.

386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз