Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Наурыз, 2018

ҚазҰУ – қазақтың қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі әрі бірегейі. Бұл университеттің əлемнің екінші ұстазы əл-Фарабидің атында болуында үлкен мəн жатыр. Себебі ҚазҰУ басқа университеттерге қарағанда білікті мамандар даярлауға көп күш жұмсайды. Білім беру жүйесін күнделікті  қадағалап, студенттердің шетелге шығу, тіл үйрену, əркімнің өз саласында жоғарғы жетістіктерге жету және т.б. бірнеше мүмкіндіктерді қамтиды. Бұған – университеттегі «Сұңқар» магистранттар мен студенттер кəсіп одағы, «Көмек» Қоғамдық Қоры, «Студенттердің құқығын қорғау бюросы» сияқты тағы да басқа ұйымдар дəлел бола алады. Яғни, осындай жарқын болашаққа жетелейтін мүмкіндіктердің барлығы студент жастарды əр салада білімді, парасатты болуға ұмтылдырады. ҚазҰУ қалашығын «қайырымды қалаға» теңеу де тегін емес. Бұл да əлемнің ұлы тұлғасы Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» деген туындысының идеясымен өзара байланысып жатыр. Сондықтан қара шаңырақта біліммен сусындап жүрген əрбір студент өзін əл-Фарабидің мирасқоры ретінде сезінеді.

Қазақ ұлттық университеті – білікті маман даярлауға зор үлес қосып келе жатқан іргелі ғылым ордасы. Дамыған жаңа технологияларды пайдалана отырып, саясат, медицина, механика, философия, экономика т.б. салаларында да елеулі жетістіктерге жетіп, білім сапасын жоғарғы деңгейде көрсетіп жүр деуге толық негіз бар. Бүгінде аталған университет шетелдегі беделді деген  бірнеше университтермен тығыз байланыс орнатып, студенттердің білімін арттыруға күш салуда. ҚазҰУ-ды бітірген әр түлек еліміздің барлық салаларында қызмет етуде.

Қазақ ұлттық университетінде оқып жүрген жастардың қазір де, болашақта да жетістіктерге жету жолындағы мүмкіндіктері өте зор. Сондықтан дəл осы таңдау менің білімді студент атануыма жол ашты. Ғылымның дамуы мен оқуға құштар жастардың көбеюі ұлтты жарқын болашаққа жетелейді.

Жұлдыз ҮМБЕТБАЕВА,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

 халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы

Айдана ТҮЗЕЛБАЕВА,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

халықаралық құқық мамандығының 1-курс студенті

 

1735 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз