Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Наурыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтемне жасап Kazgazeta.kz.

 Мемлекет басшысы алғысөзінде қазақстандықтарды наурыз айындағы мерекелерімен құттықтап өтті.

«Құрметті қазақстандықтар, Парламент мүшелері, Үкімет мүшелері және шақырылған қонақтар. Наурыз айының еліміздің тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар екенін білеміз. Көктемнің алғашқы күнінде біз алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. Қымбатты әйелдер мерекесін де наурыз айында құттықтап өтеміз. Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі. Рухани жаңғыру бағдарламасы да осыған бағытталған. Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясаты арқасында барлық сынақтардан сіздерменен бірге өтіп келе жатырмыз. Ел иесі қазақ халқының маңында ұйысқан барша этностар мұны жоғары бағалайды.

Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Алматы, БҚО. Жамбыл және ОҚО-да «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерді. Осындай ізгі бастамалар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілін көрсетеді. Жақсылығын жадында сақтай білген елдің рухы қашанда биік. Бұл тек қана айтуға жәй сияқты болып көрінеді, ал біздің буын бастан кешкен оқиға. Тауар вагондарымен Солтүстік Кавхаздан, Шығыстан, өңкей босқындарды алып келіп, айдалаға тастап, әр үйге тықпалап, бала-шағамен қабылдаған біздің менің әкемнің жанұясы болғанын білесіздер. Сондықтан осылай этностардың бүгінгі күні ризашылығын білдіріп жатқаны қазіргі ұрпаққа ата-аналарының берген өсиеті деп санаймын, ол үшін баршаларына рахмет айтқанымыз жөн болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

675 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз