Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Наурыз, 2018

Сағынтаев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін қатаң бақылауды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.
 Бүгін Үкімет отырысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру барысы талқыланып, өңір басшылары осы сала бойынша есеп берді.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарланған іс-шаралар 100 пайызға орындалды. Бағдарламаны іске асыру кезінде мақсатты көрсеткіштер мен индикаторға қол жеткізілді. Негізгі медициналық демографиялық көрсеткіштер мынадай: жалпы өлім-жітім 9,5 пайызға, ана өлімі 33 пайызға, нәресте өлімі 5 пайызға төмендеді. Және де адам өлімі туберкулезден 14 пайызға, қан айналым жүйесі ауруларынан 20 пайызға, қатерлі ісіктерден 10 пайызға төмендеді. Қаладағы денсаулық сақтау мәселесі ерекше назарда. Барлық тиісті жұмыс атқарылып жатыр», - деп есеп берді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Ал ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев негізгі көзделген көрсеткіштерге қол жеткізіліп, олардың жақсарғанын атап өтті.

«Оған қоса Елбасы биылғы Жолдауында халықтың денсаулығын жақсарту бойынша тағы да бірқатар нақты тапсырма берді. Алдымызға денсаулық саласын жаңғырту мәселесі қойылып отыр. Бұл негізде Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмысты бақылауға алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қатаң бақылауда болу керек. Және де Елбасының Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде электрондық денсаулық сақтау жүйесін енгізу арқылы медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру бойынша берген тапсырмасын орындау қажет. Біз өткен аптада бұл бойынша жұмыс жиналысын өткіздік. Сәуір айында Үкімет отырысында осы мәселе бойынша есеп күтемін», - деді Бақытжан Сағынтаев.

491 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз