Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Наурыз, 2018

ШҚО әкімі үйлерін су басқан тұрғындарға жаңа баспана беретінін айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов су басқан аудандарды аралап, зардап шеккен тұрғындармен кездесті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. Даниал Ахметов Глубочанка өзеніндегі су алған көпірді қарап, аймақтағы тұрғындармен кездесті. ШҚО-да Тарханка, Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое ауылдары әлі су астында қалып отыр. Әкім тұрғындармен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдай келе, қолдан келгенше көмегін аямайтынын айтты. Сонымен қатар, облыс әкімі: "Арнайы комиссия үйлерді бағалайды. Егер үйлеріңізді қалпына келтіру мүмкін болса, қалпына келтіреміз. Қалпына келтірмесе - жаңа үй немесе пәтер береміз. Шығынның бәрін есептейміз, өтейміз", - деп сендірді Ахметов.

492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз