Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Сәуір, 2018

2026 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге 7 ел үмітті

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиаданы өткізуге үмітті 7 елдің тізімін жариялады. 2026 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу туралы өтініштер 2017 жылдың 16 наурызы мен 16 қыркүйегі аралығында қабылданған. 2022 жылғы ақ Олимпиаданы өткізуге таласқан Алматы қаласы бұл жолы өтініш берген жоқ. 8 жылдан кейін өтетін жарысты Австрия (Грац), Канада (Калгари), Жапония(Саппоро), Швеция (Стокгольм), Швейцария (Сьон), Түркия (Эрзурум) және Италия (Кортина-д'Ампеццо, Милан/ Турин) елдері өз жерінде өткізуге таласады. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) жеңімпаз қаланы анықтау үшін 15 талап бойынша бағалау жұмыстарын жүргізеді. Атап айтар болсақ, оған жалпы жоба; қысқы ойындардың концепциясы және спорт ареналары; Олимпиада қалашығы; Медиа-орталық; спорттық шараларды өткізу тәжірибесі; қоршаған орта және метеорология; қонақ үй; транспорт; допинг-бақылау; қауіпсіздік; телекоммуникация; энергетика; елдің спорттық заңнамасы және виза; басшылық пен халықтың қолдауы; қаржы және маркетинг кіреді. 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қала 2019 жылы Миланда өтетін ХОК-тың 132-ші сессиясында анықталады. Айта кетейік, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде өтеді. Ал 2024 жылғы жазғы Олимппиада - Парижде, 2028 жылғы Олимпиада Лос-Анджелесте болады.

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз