Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Сәуір, 2018

Әлемдегі ерекше жинақтамалар

Әлемде белгілі-бір заттарды жинағанды ұнататын адамдар көптеп кездеседі. Бұл әуестік адамдардың хоббиі мен қызығушылықтарына байланысты. Олардың арасында  сирек кездесетін, ерекше  және  өзіндік коллекциялармен әлемді таң қалдырып, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілгендері де бар. Пандаға қызығушылар. Ебедейсіз және сүйкімді панда жануарларын ұнатпау әсте мүмкін емес. Ойыншық пандамен байланысты нәрсенің барлығын жинақтауды хоббиге айландырған адам – бельгиялық Селин Корнет. Ол 1978 жылдан бастап коллекциялаумен әуестеніп, осы күнге дейін пандаға байланысты 2200 зат жинап үлгерген. Шаңсорғыш «білгірі». Тоғыз жасар  Гарри Берроуз шаңсорғыштардың ерекше және сирек кездесетін 40 үлгісін жинады. Гарридың  айтуынша, нәресте кезінде, ата-анасы шаңсорғышты қосу арқылы, оны тыныштандыратын болған. Гольф табынушысы. Адамдар арасында  гольф ақсүйектер мен ауқаттылардың ойыны деген пікір қалыптасқан. Осыдан болар, ойынға дүние жүзінің мыңдаған адамдары қызығады. Пенсильвания тұрғыны Дик Фалсенки гольфтың ең танымал «табынушысы». Өйткені оның жеке  жинақтамасында  гольфтың 36 мың добы бар. Ол доп жинауды 50 жыл бұрын бастаған. Доптардың ішінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның, танымал баскетболшы Майкл Джорданның доптары да бар.  

billionnews.ru

1096 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз