Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Сәуір, 2018

Дәурен Абаев Қазақстанда Telegram мессенджерінің бұғатталуына қатысты пікір білдірді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда Telegram мессенджерінің бұғатталу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратсайтына сілтеме жасап.

 «Бұғаттау дегеніміз – бұл құқық бұзатын контенттің таралуына қатысты мемлекет тарапынан жасалуы мүмкін ең қатаң шара екенін түсінуіміз қажет. Алайда ол мессенджер әкімшілігі біздің хабарландыруымызды жауапсыз қалдырған жағдайда ғана қолданылады. Сондай-ақ, Telegram әкімшілігі біздің талаптарымызды ескеріп, кей жекелеген парақшаларды жойып жатқандарын байқап отырмыз. Сол себепті БАҚ беттерінде көптеп таралып жатқан жаңалыққа сай Telegram желісі бұғатталмауы да мүмкін», - дейді Дәурен Абаев.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Павлодар тұрғыны министрлікке өзінің Telegram желісіндегі парақшасын белгісіз біреулердің ҚТД тобына қосып жібергенін айтып шағымданған еді. Ал аталған топ жуырда экстремистік деп танылды.

«Экстремистік ұйымның жетекшісі ҚР азаматтарының жаппай қылмыстық жауапершілікке тартылғанын қалап отырған сияқты. Telegram мессенджерінің әкімшілігінен менің рұқсатымсыз түрлі топқа қоспауын және аталған топқа қатысты да белгілі бір шаралар қолдануларын сұрауларыңызды өтінемін», - деп жазады павлодарлық.

544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз