Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Сәуір, 2018

Баландин Испанияда өткен турнирде алтын жүлде иеленіп, рекорд жаңартты

Испаниядағы халықаралық турнир жүзу бойынша қазақстандық спортшылардың биылғы Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жүзуден Испанияда өткен Ашық чемпионаттың екінші күні топ жарып, алтын жүлдеге қол жеткізді. 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді – 2:09.31. Бұған қоса Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұдан дейінгі рекорд нәтижесі де Дмитрий Баландинге тиесілі - күндіз өткен жартылай финалда ол қашықтықты 2:10.96 уақытта жүзіп өткен болатын.

Сондай-ақ, 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды.

Тағы да қазақстандық спортшыларымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде финалға шықты. Ақтық сайыс бүгін өтеді.

Айта кетейік, жүзуден Ұлттық құрамамыз Малагадағы халықаралық жарыста маусымның басты додасы Азия ойындарына дайындалып жатыр.

566 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз