Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Сәуір, 2018

Депутат әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етуде шешілмеген мәселені көтерді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов 2018 жылдан бастап әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы заң қолданысқа енген соң әскери қызметкерлердің көпшілігі баспаналы болғанын, дегенмен заңда бір мәселенің шешілмей қалып қойғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

 «Әскери қызметте 10 және одан да көп жыл болған, бірақ 20 жылдан аз қызмет істеген әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Олар қазір жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықта тұрып жатыр. Олар денсаулығына, шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылып отыр», - деді депутат Нұртай Сабильянов.

Ол 20 жылдан аз қызмет істеген әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету ендігі кезекте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайларымен алмастыру арқылы жүретінін айта кетті.

«Аягөз, Семей, Отар секілді әскери гарнизондар орналасқан қалаларда мемлекеттен қарастырылатын тұрғын үй қорындағы үйлер жоқ. Оларды қалай алады? Сондықтан да осыған ерекше назар аударсаңыздар. Бұл азаматтарымыз 20 жыл болмаса да, 17-18 жыл қызмет істеді. Көмектесейік. Оған қаражат жетеді деп ойлаймын», - деп депутат сөзін түйіндеді.

 

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз