Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2018

Сағынтаев Үкіметке жаңа министр Дархан Кәлетаевті таныстырды

Үкімет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтің ісіне табыс тіледі.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметке жаңадан тағайындалған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевті таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мен сіздерге Үкіметтің жаңа мүшесін таныстырғым келеді. Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес, Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Дархан Аманұлы, сізді жаңа лауазымыңызбен құттықтаймын және ісіңізге табыс тілеймін", - деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы басталған сәтте.

Еске сала кетейік, Дархан Кәлетаев осы жылдың 4 сәуірінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарған.

286 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда 15 мың шақырым жол ақылы болуы мүмкін
Келесі мақала Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *