Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2018

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның қазіргі қызметі жөнінде мәлімет беріліп, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінің қорытындылары туралы баяндалды, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде партияның жастар қанаты маңызды миссия атқаратынын айтты.

– «Жас Отан» жастар қанатының съезі табысты өтті. Менің тапсырмама сәйкес, жастар арасында саяси жұмыстар жүргізілуге тиіс. «Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының бәрін біріктіру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев съездің қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

– ІV съезге барлық облыстар мен өңірлерден 1500-ден астам делегат қатысты. Форумның бірінші күні партияның конференциясы және арнайы бес панельді сессия өтті, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Бұдан бөлек, М.Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісіне партияның атсалысуы туралы баяндады.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мемлекет басшысына партияның кадрлық резервін қалыптастыру барысы жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның түрлі бағыттағы  жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

353 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Сағынтаев Үкіметке жаңа министр Дархан Кәлетаевті таныстырды
Келесі мақала Дубайда Annual Investment Meeting-те Қазақстан павильоны таныстырылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *