Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 12 Сәуір, 2018

Іргесі берік елдің – еңсесі биік

Алматы облысында жаңа екі аудан пайда болды. Нарынқол ауылы жаңадан құрылған Райымбек ауданының орталығы болып бекітілді де, Кеген ­ауылы өз алдына шаңырақ көтерген Кеген ауданының орталығы деген мәртебе алды. Сөйтіп, Райымбек және Кеген деп аталатын жаңа екі ­аудан құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2018 жылғы 31 наурыздағы №653 «Алматы облысының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгерістер ­туралы» Жарлығымен Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы ­Кеген ауылында орналасқан Кеген ­ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктерін құру, Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауы керектігіне пәрмен берді. Осылайша Елбасының көрегендік шешімі аталған аудандардың халқын серпілтіп, жүректеріне зор қуаныш ұялатты. Толығырақ, "Ана тілі" газетінің жаңа санынан оқыңыздар. http://anatili.kazgazeta.kz/?p=47717  

933 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз