Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Сәуір, 2018

Назарбаев мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы баяндаманы мақұлдады

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндама алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарауына беріліп, мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

 Атап өткендей, мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндамада оның тәуелсіздік жылдарындағы даму кезеңдері, мемлекеттік қызмет жағдайы және одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар көрсетілген.
«Биылғы жылы ұлттық баяндама алғаш рет Мемлекет басшысының қарауына жіберілді және және мақұлданды, - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың айтуынша, Ұлт жоспарын жүзеге асырғаннан бері мансап сатысымен қызметте жоғарылаған қызметкерлердің саны 4 есеге өсті.

«Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері бойынша респонденттердің 77%-дан астамы кадрлық шешімдерді қабылдау барысындағы меритократияға сенеді, ал 2001 жылы бұл көрсеткіш 39% ғана құраған. Конкурстан тыс тағайындауларды шектеу «командалық ауысуларды» 19 есеге, дәлірек айтсақ 2015 жылы 6500-ден 2017 жылы 348-ге дейін қысқартты. Ауқымды алдын алу жұмыстарының арқасында этикалық құқық бұзушылықтардың саны азайды», - деді Айгүл Шайымова.

Қысқа мерзімді перспективада шешілуі қажет мәселелердің қатарында агенттік төрағасының орынбасары келесіні атап өтті:

Біріншіден, тиімді іс-қимыл коэффицентін арттыру үшін тапсармалар мен есептер саны төмендейді, хаттарға қол қоюды күту мерзімдері мен жоспардан тыс кеңестер қысқартылады. Бизнес-процестерді автомантандыру және ақпараттық жүйелерді біріктіруді қамтамасыз ету, смарт-технологияларды енгізу соңғы нәтижені бағалау процесін бақылау тәжірибесінен алшақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекеттік аппараттың бәскеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қызметшілердің әлеуеті арттырылады. IT-білім мен тілдерді үйренуді дағдыландырумен қатар жетекші халықаралық сарапшыларды тартып, оқу бағдарламаларын енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілерде көшбасшылық пен икемді дағдыларды дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Үшіншіден, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп адами ресурстарды басқару саласындағы мамандарды(HR-мамандар) дайындау мәселесін қарастыру жоспарлануда. Бұл «құжаттармен жұмыстан» «адамдармен жұмысқа» көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, штаттық күшін бөлу кезінде теңгерімсіздікті жою үшін шаралар қабылданатын болады. Қазіргі уақытта олардың аймақтық шектеулері біркелкі бөлінбейді. Бесіншіден, қызметкерлерге нәтиже негізінде жалақы төлеу арқылы қызмет тиімділігін арттыруды ынталандыру жоспарлануда.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, бүгінгі таңда қазақстандық мемлекеттік қызмет халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, кейбір санаттар бойынша алдыңғы қатарда.

«Қазақстанның бірқатар дамыған елдерден айырмашылығы, бұл мемлекеттік аппараттың қартаюы мен гендерлік теңгерімсіздіктерден айналып өтуінде. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкердің орташа жасы – 39 жас, ал 1991 жылы - 44 жас. Әйелдердің 55%-ы мемлекеттік қызметте, ал Италияда, Бельгияда, Испанияда бұл көрсеткіш 50% құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы өсті: орталық деңгейде 100% жоғары білімі бар, өңірлерде бұл көрсеткіш 92% құрайды», - делінген хабарламада.

731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз