Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 05 Мамыр, 2018

7 мамыр Отан қорғаушылар күні

1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығы шығып, еліміздің дербес әскері құрылған болатын. Жарлыққа сәйкес, еліміздің территориясындағы Қарулы Күштер мүліктерімен қоса республика қарамағына өтіп, Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Сондай-ақ, 7 мамыр ресми түрде «Отан қорғаушылар күні» болып жарияланды.

Тәуелсіз еліміздің тарихындағы жалпыұлттық мереке Қазақстандағы әскери-патриоттық тәрбиенің нығайып, әскери қызмет беделінің артқандығының жарқын куәсі. Былтыр ғана, Қазақстан Қарулы Күштері 25 жылдығын атап өтіп, ширек ғасырдағы жеткен жетістіктерін Астанадағы «Қазақ Елі» монументінің алдында өткен ең үлкен парадта күллі халық алдында паш еткен еді. Әскеріміз жылдан жылға жаңа толқынмен жаңарып, күш-қуаты нығаюда. «Отан қорғаушылар күні» - батыр бабаларымыздың қайсар да, айбынды жауынгерлік дәстүрінің жалғасын тапқан күні. Еліміздің қауіпсіз болашағы жолында аянбай еңбек етіп жатқан ұлттық әскерімізге артар үмітіміз орасан. Айбынды әскер жас мемлекетіміздің берік қорғаушысы. Ендеше, көктемнің шуақты күнінде жалындай келген Отан қорғаушылар күні құтты болсын, ағайын! Ел тәуелсіздігінің тұтқасын ұстар ер-азаматтарымыз жасасын!

«Қазақ газеттері» серіктестігі

[video width="1280" height="720" mp4="http://kazgazeta.kz/wp-content/uploads//5.mp4"][/video]

45567 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз