Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Мамыр, 2018

Президент жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

Бүгін, 15 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Президент алдымен жиһаз және басқа да тұрмыстық заттар шығаратын «Квант» ЖШС-ға ат басын тіремек. Сондай-ақ «Жайық Агро LTD» ЖШС-ның құс фабрикасында, сэндвич-панельдер өндіретін «Агран» ЖШС-да болмақ.

Мемлекет басшысы Оралдағы жаңа алаңда облыс орталығының даму болашағынан қанығып, Ассамблея мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесетіні күтілуде.

Оқушылар сарайында Президент жас боксшылармен жүздесіп, білім және денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен таныспақ. Сонымен қатар Елбасының жастармен кездесуі жоспарланып отыр.

Дереккөз: Қазақпарат

497 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз