Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Мамыр, 2018

Абаев журналистерді баспанамен қамту мәселесін қалай шешетінін айтты

ҚР ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді баспанамен қамту мәселесін қалай шешуге болатыны туралы айтты.

Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде БАҚ өкілдерінің бірі журналистерді баспанамен қамтуға арналған бағдарламалар қарастырыла ма деп сұрады.

«Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының 95% жекеменшік компаниялардың еншісінде. Сол себепті жекменшік БАҚ баспанамен қамту мәселесін өздері шешуі тиіс. Мысалы, мұғалімдердің барлығы бюджеттік қызметкерлер, ал журналистердің басым бөлігі бұл санатқа жатпайды. Осы сәтте журналистің мәртебесін қалай анықтаймыз деген сұрақ туындайды, себебі біз кез келген БАҚ қызметкерін журналист деп атаймыз», - деді Абаев.

Сондай-ақ, ол мемлекеттің баспанамен қамтуға қатысты біраз шараларды қолға алып жатқанын, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасын атап өтті.

«Біз әр ведомствоға бағынышты ұйымның басшысына осы мәселені қоямыз. Бұл мәселе бір жерде шешіледі, енді бір жерде шешілмей жатады. Бір жерде жатақхана бар дегендей. Егер ведомствоға бағынышты ұйымдардың басшылары маған ұсыныспен келсе, біз оларды міндетті түрде қолдаймыз. Сондықтан БАҚ жетекшілерінен ұсыныстар күтемін», - деп жауап берді министр журналист сауалына.

 

Дереккөз: baq.kz

668 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз