Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Мамыр, 2018

Шавкат Мирзиеев АҚШ-та Пентагон басшысымен кездесті

АҚШ-қа ресми сапарының соңғы күнінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Пентагонға барып, әскери-қорғаныс ведомствосының делигациясымен кездесті.

Шавкат Мирзиеев АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен кездесіп, екі ел арасындағы әскери-техникалық сала бойынша серіктестік мәселесін талқылады.

Бұған қоса Мэттис Мирзяевқа Ауғанстанда НАТО операциясын қолдағаны үшін және елдің аймақтағы көршілерімен «ұйымшыл» болғаны үшін алғыс айтқан.

«Біз Өзбекстанмен терроризммен күрес және шекара қауіпсіздігі саласында тығыз әріптестік орнатпақшымыз», - деді Пентагон басшысы.

Оның сөзінше, Вашингтон мен Ташкент стратегиялық әріптестіктің жаңа позитивті кезеңіне жылжып барады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті қабылдады.

16 мамырда өткен бұл кездесу шамамен бір сағатқа созылды. Өзбекстан президенті 2002 жылдан бері алғаш рет АҚШ-қа ресми сапармен барып отыр.

АҚШ басшысымен кездесуде Шавкат Мирзиеев екі елдің қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілгенін зор мәртебемен айтып, жоғары деңгейде қарсы алған Трампқа алғысын білдірді.

Америка басшысы Ташкент ұйымдастырған экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларды жоғары бағалап, оның жүзеге асуы үшін қол ұшын созатынын мәлімдеді.

Бұған қоса тараптар өңірлік қауіпсіздік және терроризммен күрес  мәселелерін талқыға салды

Трамп Шавкат Мирзиеевтің Орталық Азияда бастаған интеграциялық үрдісін қолдап, «С5+1» форматында елдермен диалогқа өтуге қашан да дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар АҚШ Ауғанстандағы өзбек теміржолдары мен инфра құрылыс саласында саяси және қосымша көмек көрсетуге дайын. Өз кезегінде Шавкат Мирзиеев те алдағы уақыттарда кез-келген көмегін ұсынуға дайын екенін жеткізді.

АҚШ пен Өзбекстан қорғаныс саласындағы серіктестікті нығайтып, алғашқы бес жылдық әскери әрекеттесу жоспарын жүзеге асырмақ.

Басшылар Өзбекстандағы адам құқықтары мәселесін де шетін қалдырған жоқ. Трамп Ташкенттің азаматтардың құқығын қорғау мәселесіндегі әділеттілік реформасын мақұлдады.

Өзбекстан елдегі америкалық компаниялардағы жұмысшылардың жағдайын жақсартып, жіті бақылауда ұстайтындығын мәлім етті. Басшылар ауыл шаруашылығы, экономика, энергетика, химия, қаржы, туризм, мата өндірісі, денсаулық сақтау және цифрлық технология салаларында серіктестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктерін қайта қарауға келісті.

Сапар барысында Өзбекстан мен АҚШ компаниялары 20 шақты ірі  келісімшартқа қол қойды.  Олардың жүзеге толық асуы 4,8 млрд долларға бағаланды.

451 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз