Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Мамыр, 2018

Егіс алқаптарына 446 мың тонна тыңайтқыш керек

Еліміздегі егіс алқаптарының көлемі  биыл 21 миллион гектарды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев мәлім етті. Белгілі болғандай, әлі шаруаларға 446 мың тонна тыңайтқыш қажет. Жергілікті бюджеттерде бұл мақсаттарға 17 миллиард теңге қаражат көзделген. Шаруалар тарапынан субсидия алуға 11 мың 5 жүз өтініш түсті. Сонымен қатар оларға дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді. Оның 1 литрінің бағасы 134 теңгені құрайды. Барлығы егістік жұмыстарына 117 мың тонна отын бөлу жоспарда бар.

480 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз