Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Мамыр, 2018

Самал Еслямова "Мен журналист болуды армандағанмын"

Канн фестивалінде «Айка» фильмдегі рөлі үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған қазақстандық актриса Самал Еслямова мен аталған картинаның режиссері Сергей Дворцевойдың қатысуымен брифинг өтті.

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы өнер саласының үздіктерімен кездесті. Брифингте журналистердің сұрағына жауап берген Самал Еслямова Мәскеудегі кәсіби оқуын аяқтаған соң Сергей Дворцевойдың киносына түсуге шақырту алған.

"Мен Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі Аққайың ауданы Аралағаш ауылында дүниеге келдім. Сол жерде өсіп, мектепке бардым. Менің анам орысша сөйлегеннен кейін мені орыс мектебіне бергісі келді. Бірақ мен алты жаста болсам да, қазақ мектебіне барамын деп айттым. Әкем барсын деді, өзім көмектесемін деп шықты. 90-жылдары қиын болды ғой. Әлі есімде, мектепте пеш жақтық. Сонда мұғалімдердің берген білімі мен тәрбиесін ешқашан ұмытпаймын. Оларға мың да бір алғыс айтқып келіп отыр. Сөйтіп, қазақ мектебін бітіріп, Петропавл қаласындағы өнер колледжіне түстім. Сол кезде қазақ театрының көркемдік жетекшісі әртістік курс ашып, қазақ тілінде білім беруді қолға алды. Мен аталған курсты бітірдім. Сонымен қатар театрда жұмыс істеп жүрдім. Негізі, мен журналист болуды армандағанмын. Бірақ бұл бұйрық шығар, әртістік жолға түстім",-деп өзі туралы Самал Еслямова айтып берді.

Ал актрисаның еңбегі жайлы Сергей Дворцевой баяндады. Ол жеңісі үшін ғана Самалды әспеттемегенін жасырмады.

«Самалдың жеңісі – бұл үлкен табыс, үлкен жетістік. Себебі, Канн – бұл әлемнің ең үздік 20 фильмінің конкурсы. Соның ішінен, ең үздік актрисаны таңдайды. Яғни, әлемде неше фильм түсіріліп, неше актер мен актриса еңбек етіп жатыр. Ал ол жүлдені Самал жеңіп алды. Мұның қаншалықты ауқымды екенін түсінесіздер ме? Бұл қазақ жері осынай тамаша актрисаны дүниеге әкелді, тәрбиеледі. Мен қазір Қазақстанға келіп отырғандықтан Самалды мақтап отырған жоқпын. Бұл расында да мақтауға тұрарлық актриса. Ол өте еңбекқор»,-дейді Сергей Дворцевой.

 

870 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз