Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Мамыр, 2018

Кеш ұйықтау жақсылыққа апармайды

Шотландық ғалымдар кеш ұйықтауды әдетке айналдырудың адам ағзасына қаншалықты зиян екендігін анықтады. Бұл туралы The Lancet журналы хабарлады.

Мамандар 37 мен 73 жас аралығындағы 90 мың адамға зерттеу жасаған. Ғалымдардың  мәліметтері бойынша түнде сергек жүріп, ұйқыдан бас тартатын адамдарда күнделікті бір уақытта ұйқыға жататын адамдарға қарағанда  биполярлы бұзылудың пайда болу қаупі  11%-ға артық.  Кеш ұйықтайтын адамдардың 6%-ы күйзелістерге  бейім және жалғыздық сезімін жиі сезінетіні анықталған.  Бұған дейін зерттеушілер күйзелісті ұйқы депривациясы арқылы емдеу туралы  айтқан болатын.  Яғни ұйқысыздық күйзелістен 50 пайыз жағдайда айықтырған.

718 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз