Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Мамыр, 2018

Open Air дәстүрлі шараға Ресей жұлдыздары қатысады

Бүгін Астанада ашық аспан астында «Ұлы дала бірлігі» атты үлкен шоу-концерт өтеді. Концерттік шара Елордамыздың 20 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылды. Жыл сайын жүрілетін дәстүрлі Open Air бағдарламасын Астана әкімдігі қолдап, қала тұрғындарына сый көрсетеді. Мерекелік концертке Қазақстан мен Ресейдің танымал әншілері қатысады. Шоу Қазақ Елі монументінің алаңында 17:00-ден 23:00-ге дейін өтеді. Концертті «Жетінші арна» тікелей эфирден көрсетеді. Open Air шоу-концертіне Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Айқын, Мәдина Сәдуақасова, Тамара Асар, Ninety One, Әлішер Кәрімов, Маржан Арапбаева, Бейбіт Кушқалиев, Артур және Райм, Мөлдір Әуелбекова, Нұржан Керменбаев, Ринат Мальцагов, Жұлдыз, Дархан Джуз, Кәмшат Жолдыбаева, «Ринго» тобы, «Алашұлы» және «Муз Арт Life» қатысады. Қазақстан астанасын туған күнімен құттықтауға Ресейден Дима Билан, Сергей Лазарев, Джиган, Тимур Родригез, Юлиана Караулова, Анна Седокова, Анна Семенович, Макс Барских, Натан, Миша Марвин, Елена Темникова, Artik & Asti және «Градусы» тобы келеді. Дереккөз: inform.kz

979 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз