Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Мамыр, 2018

100 жаңа оқулықтың таныстырылымы өтті

Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Қыздар Университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Тыныштық Ермекова білімді һәм зияткер ұлт қана табысқа жететіндігін тілге тиек етті. Жүз жаңа оқулықтың алғашқы 18 оқу құралы жарыққа шықты. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология және журналистика бағыттары бойынша аударылған.  10 мың дана оқулық жоғары оқу орындары мен кітапханаларға тегін таратылды. Кітапхана директоры Бақытжамал Бағашарова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру барысын баяндап, атқарылып жатқан маңызды жұмыстарды сөз етті. Дереккөз: baq.kz

537 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз