Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Мамыр, 2018

"Үлкен Алматы айналма автожолы" құрылысы басталды

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылыс жобасының жұмыстарын «АлсимАларко – Макйол – СК – Корея Экспрессвэй» құрылыс компаниясы атқарады.

Құрылыс жобасы Елбасының тапсырмасына сәйкес және Алматы қаласына өте қажет болғандықтан іске асырылуда.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» Алматы қаласындағы қозғалыс ағынын азайтуға, транзиттік көліктер санын төмендетуге, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, көлік құралдарының жұмыс жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір құрылыс жүргізілетін жерлер бөлініп, Консорциум құрылысқа дайындық жұмыстарын аяқтады. Ұзақтығы 10 шақырым болатын 4-іске қосу кешеніне оң сараптамалық қорытындысы дайын болды.

Жоба аясында 21 көпір, 19 жол өтпесін, 8 жол айырығын, ақы алу жүйесі мен инженерлік желілерді салу жоспарланған.

Дереккөз: baq.kz

1356 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз