Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Шілде, 2018

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУЛЕТШІЛЕР КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

16 шілдеде «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресінің ашылу рәсімін өткізеді, оның жұмысы 2018 жылғы 18 шілдеге дейін (қоса алғанда) созылады деп күтілуде, - деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Конгресстің мақсаты: кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу; қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыстар орнату; қоғамдағы сананың ашықтығын қалыптастыру – сәулет өнеріндегі ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту,

Конгресс аясында «Қалалық орта: дәстүрі мен келешегі» тақырыбындахалықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конгресс жұмысы шеңберінде сонымен қатар «Құндылықтарды синтездеу. Жаһандық контекстегі локалдық сәйкестік» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілмек.

Жас сәулетшілер, сонымен бірге студенттерстартап уик-энд форматында өткізілетін «Қалалық орта: дәстүрі мен келешегі» байқауына қатыса алады.

Конгресс аясында шеберлік сабақтары, шетелдік танымал сәулетшілердің дәрістері, «Ортаны қалыптастыратын кім?» тақырыбында диалог алаңын өткізу жоспарланған.

Конгресске алыс және жақын шетел сәулетшілері; үкімет пен бизнес өкілдері; еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) отандық сәулетшілер; девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар; жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері; қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер; БАҚ өкілдері қатысады.

1076 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз