Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Шілде, 2018

Ел тұрғындары күннің тұтылуын тамашалайды

Шілденің 27-сінен 28-іне қараған түні еліміз тұрғындары күннің тұтылуын тамашалай алады. Осы түні толған Ай өз орбитасында батыстан шығысқа жылжи отырып, Жердің көлеңкесіне енеді. Айда толықтай Күн тұтылады: Жер Күн мен Айға түсетін жарықты бірнеше сағатқа көлеңкелейді. Осы жөнінде  В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай физикасы мен ғаламшар зертханасының жетекшісі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Виктор Тейфель әңгімелеп берді.

«Біздер - жердегілер үшін Жердің жартылай көлеңкесіне кіретін Ай, алдымен, жәйлап көзден ғайып бола бастайды. Кейін Айдың дискісін планетамыздың қара көлеңкесі біртіндеп жаба бастайды. Бұдан соң Ай толықтай Жердің көлеңкесіне енеді. Ең қызықты құбылыс осы кезде болады. Ай толығымен жоғалып кетпей, қою қызыл немесе қызғылт түске боялып, көрініп тұрады. Бұл түс түрлі тұтылу кезінде әртүрлі болып өзгеруі мүмкін», - деді профессор Тейфель. Оның айтуынша Күн мен Айдың тұтылуынан адамдарға қауіп жоқ.

Дереккөз: 24.kz

1459 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз