Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Шілде, 2018

Жан Мұқанов Әміренің жаңа форматы мен образын қалай қалыптастырады?

«Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде 1 орын алған Ернар Садырбаев Астанада баспасөз мәлихатын өткізді. Әншінің продюсері Жан Мұқанов Әміремен қалай танысқанын баяндап берді. Оның айтуынша, Әміренің ән айтқаны көңілінен шықса керек. «Әміремен» кездейсоқ таныстым. «Сәлем, Ұлы дала» жобасына промо-ролик әзірлеп жатқанда жоба әнұранын айтатын әнші қажет болды. Сол кезде Әміренің ән айтқанын көрдім. Кейін метроға түскенде, қолма-қол ақша таппай қалдым, картадағы ақшамды еш жер қабылдамады. Сонда «Әміре» мен үшін 100 теңге төледі. Осылайша, бір метро билетімен мені сатып алды.  Шын мәнінде, ол  Қостанай облысында туған қарапайым жігіт, ең бастысы өте дарынды жігіт», - дейді Жан Мұқанов. Сондай-ақ, продюсер байқауда жеңімпаз болған әншінің жаңа стилі мен образының барысы жайлы да көпшілікке жария етті. «Алдағы уақытта Ернардың қазақстандық әртістерге ұқсамайтын ерекше жаңа стилін қалыптастырамыз. Төреғали секілді той әншісін жасамаймын (Бұған дейін Жан Мұқанов Төреғали Төреәліге продюсерлік еткен - ред.) Форматы да, образы да мүлдем басқа болады. Бүгін таңертең қоңырау түсіп, Ернарды үйлену тойында өнер көрсетуге шақырды. Бірден бас тарттық. Қазір бұл маңызды емес. Шынында да, қазақстандық әртіс тойларда ғана жақсы табыс табады. Ал біз концерттен қаражат табуға тырысамыз», - деді ол. Беларусьте өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде жүлделі 1 орынға ие болған Ернар Садырбаевтың продюсері байқауда болған қызықты оқиғаларын да қалыс қалдырмады. Ернардың байқауда сахнаға киіп шыққан құны 1 миллион бағалы костюмын қазақстандық қызметкермен ренжісіп қалған Польша әншісіне сыйлаған екен. «Әділқазы алқасында 2000 жылдары бас жүлде алған, Польша елінен келген әнші болды. Біз оны алғаш рет көрдік, бірақ оны тұтас Еуропаға танымал әнші дейді. Сол әртіс «Костюмыңызды сатыңыз» деп Ернарға жабысты. Біз сатқан жоқпыз. Байқау аяқталып, елге жиналып жатқанда, кішігірім араздастық болды. Қазақстандық қызметкерлердің бірі Польша әншісімен араздасып, қатты сөздер айтыпты. «Әміре» кешірім ретінде костюмды сыйлайық деп ұсыныс білдірді. Қымбат костюм, әрине, бірақ Польша әншісіне сыйладық. Әншінің қуанышында шек болмады», - деп Жан Мұқанов  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Дереккөз: inform.kz

1588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз