Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Тамыз, 2018

Студенттік құрылыс жасағы – еңбек пен достықтың ортасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттік құрылыс жасағы маусым айының 1-жұлдызынан өз жұмысын бастаған болатын және оған 120 студент іріктелініп алынды. Студенттерге ҚазҰУ тарапынан 40000 теңге, ал «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы (ЖЕЖ) тарапынан 36000 мың теңге айлық бөлінуде.

Студенттер күн сайын екі мезгіл тамақ және тегін жатақханамен қамтамасыз етіліп, бірыңғай жаңа формамен қамтамасыз етілген. «Жасыл ел» бағдарламасы мен студенттік құрылыс жасақтың негізгі мақсаты– студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекпен қамту және үш айлық демалыс уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

ҚазҰУ СҚЖ барлық бағыттар бойынша университеттегі өндірістік департамент қызметкерлерімен бірігіп ҚазҰУ қалашығының аумағын тазартып, кампустағы барлық жатақханалар мен оқу ғимараттарының бөлмелерінде жөндеу жұмыстарын жасайды.

Сонымен қатар ҚазҰУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттер арасында рухани-тәрбиелік сабақтар мен іс-шаралар өткізілуде. Осы бағдарлама негізінде студенттердің әдеби шығармашылығын жетілдіру мақсатында «Кітап оқушылар» бірлестігі жұмыс жасауда. Студенттер өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатымен «Step by step» шет тілін үйрету курстарына қатысып жүр. Одан да бөлек СҚЖ жастарының достығы мен ауызбіршілігін арттыру үшін демалыс күндері «Бөкейханов» шыңы, «Көкжайлау», Медеу шатқалындағы табиғаттың ең әсем жерлерінде демалыстар ұйымдастырылуда.

«Менің ойымша СҚЖ жаздық демалысын тиімді әрі пайдалы өткізгісі келетін студенттерге қарастырылған өте тиімді жол. Жазғы демалыста қалашықта жүріп оның тазалығы мен жасыл алқаптың жайқалуына өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымын. Қызығы мен шыжығына толы студенттік шақта, СҚЖ-ның құрамына қосылып, жаңа достар, жаңа ұмытылыстар, түрлі көзқарастар ортасы кез-келген адамды шыңдай түседі деп ойлаймын»,- деді ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенті Ару Әшім.

Бүгінгі жалынды жастар – ертеңгі кемел болашақ әрі бүгінгі қоғамның айнасы болып саналады. Ендеше қоғамның айнасы болып саналатын жастарымыздың өздері үшін де қоршаған орта үшін де сапалы әрі салауатты өмір сүруі маңызды. Осы орайда ҚазҰУ СҚЖ-сы жарқын болашақты қалыптастыруда белсенді әрі саналы түрде алға жылжып келе жатқаны ақиқат.

Перизат ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

1273 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз