Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Тамыз, 2018

"Тұлпар мініп, ту алған"

Алматылық оқушылар арасында батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» атты Ұлттық байқау басталды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы айтулы жобаға «Алпамыс батыр» жыры таңдалып отыр. Байқауға Алматы қаласындағы барлық мектептің 6-10 сынып аралығында оқитын кез-келген оқушысы қатыстырылады. Байқау екі кезеңнен тұрады: аудандық кезең (2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін), қалалық кезең, мәре (2018 жылдың 28 қыркүйек).

Байқаудың мақсаты:

- Оқушыларды кітапқа баулу,

- Ел арасына Батырлар жырын насихаттау;

- Балалардың бойына ұлттық рухты сіңіру;

- Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту;

- Дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету;

- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру;

- Олардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Жүлде қоры:

* Бірінші орын – 1 500 000 теңге;

* Екінші орын – 1 000 000 теңге;

* Үшінші орын – 500 000 теңге;

* Ынталандыру сыйлықтары.

Жүлдегер болған әрбір оқушының тәлімгері Англияның Оксфорд қаласына барып, тіл білімін жетілдіру орталығында ағылшын тілін терең меңгеріп қайтуға мүмкіндік алады.

2018 жылдың 13, 15, 16, 17 тамыз күндері, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында сайысқа қатысушы оқушылардың тәлімгерлеріне арнайы тренинг өткізілмек.

2239 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз