Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Тамыз, 2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін марапаттады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін арнайы наградалар және грамоталармен марапаттады.

Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтеді. Биылғы мереке қарсаңында министр спорт саласының қайраткерлерін құттықтап, арнайы наградалар және грамоталармен марапаттады.

«Сіздерді Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтаймын. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Баршаға белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев спортты дамытуға, салауатты өмір салтына айрықша мән береді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамаша спорттық дәстүрлерді сақтау адамгершілікке тәрбиелеуге, ұлт денсаулығын жақсартуға, өскелең ұрпақты шыңдауға тікелей әсер етеді. Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Ал, қоғамның тірегі болатын, оның іргесін бекітетін Сіз секілді жаны да, тәні де мықты азаматтар», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты шарада.

Ведомство басшысы құттықтау сөзінен кейін ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің бұйрығымен «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен барлығы 30-ға жуық азаматты марапаттады.

baq.kz

   

930 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз