Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 17 Тамыз, 2018

Қазақстанның 20 тау шыңдарын бағындыратын экспедиция басталады

Қазақ жері әуелден өзінің алуан түрлілігімен, табиғи сұлулығымен ерекшеленеді. Әсіресе, еліміздегі ең биік таулар шоғыры орналасқан Алматы облысында көркімен көз тойдырар ғажап орындар жетерлік. 20 тамыздан бастап «Kazakh Tourism»  ұлттық компаниясы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның 20 тау шыңдарын бағындыруға арналған экспедиция ұйымдастырып отыр. Бүгін,  яғни 17 тамызда Алматы қаласындағы Достық үйінде аталған экспедицияға қатысты баспасөз мәслихаты өтті.

Экседиция еліміздің үш облысы: Алматы, Түркістан және Шығыс-Қазақстан аймағын қамтитын болады. Сондай-ақ, шараға 100-ден астам адам қатысады, оның ішінде кәсіби альпинистттер, тәжірибелі саяхатшылар, журналистер және блогерлер бар.

Арман Хасенов, ОЮЛ «Спорттық туризм Ассоциация Федерациясының» Президенті:

  • Егер нақты аймақтар бойынша айтар болсақ, Алматы облысында 10, Түркістанда 9 және Шығыс-Қазақстан облысының тамаша көрікті шыңдарын бағындырмақпыз. Команда құрылды, тамыздың басынан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. Ендігі кезекте 20 тамыз, яғни дүйсенбіде Алматы аймағында орналасқан Нрсұлтан шыңынан өз экспедициямызды бастаймыз. Әрине, барлық тауларға көтерілген кезде барынша қауіпсіздік шараларын қарастыратын боламыз. Ал, жоба соңында, демек қыркүйектің ортасына таман Түркістан облысындағы Ұлттық паркте 20-шы шыңға жеткенде Елордамыздың тойына тарту ретінде сол жерге «Астананың 20-жылдығына арналған шың» деген атау бергіміз келеді.

Айдос Жомартов, Қарағанды облыстық Альпинизм жəне құзға өрмелеу Федерациясының өкілі:

  • Бізде туризм дегенді көпшілік теңіз және жағажай депқабылдайды. Алайда, белсенді туризм деген түсінік бар. Белсенді туризм бүгінде дамытуды қажет ететін мәселелердің бірі. Демек, біздің мақсат – еліміздегі және сыртқы саяхатшыларға, туристтерге Алматы, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының тартымды жерлерін насихаттау.

Камила Лұқпанова, «Visit Almaty» туристтік ақпараттық орталығының» директоры:

  • Тау туризмі жайлы айтар болсақ, біз көптеген зерттеулер жүргізудеміз. Егер естіген болсаңыздар, «Я и ты, выходные в Алматы» деген кең ауқымды компания жүргізілуде. Қаламызды дамытудағы бес бағыттың бірі – экотуризм. Ол демалысты қалада ғана емес, табиғат аясында өткізуге негізделген. Сондықтан, біз еліміздің барлық тұрғындарын Қайыңды, Көлсай, ботаникалық бақ, Шымбұлақ, Бутаковка секілді қызықты да әдемі жерлерді тамашалауға шақырамыз.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың ерекше атап өткен мәселелерінің бірі – Тянь-Шань тауларына қатысты болды. Олардың айтуынша, таудың қырғыздарға қарасты бөлігі Қазақстандағы аймағына қарағанда әлдеқайда танымал. Сондықтан, белсенді туризмді дамытуда өз еліміздің бетке ұстар маржандарын насихаттауды қолға алатын уақыт жетті.

Гауһар Түстікбаева,

«Қазақ газеттері».

5223 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз