Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Тамыз, 2018

Венецияда қазақстандық фильмдер таныстырылады

2 қыркүйекте Венецияда қазақстандық жаңа картиналардың таныстырылымы болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

«Қазақстанды аш: аудиовизуалды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шарада «Өзен» (реж. Э.Байгазин), «Әруақ» (реж.Х.Ахметов), «Әміре» (реж. Д.Веспа), «Талан» (реж. Б.Қалымбетов), «Ол» (реж. А.Сатаев), «Алмас қылыш» (реж. Р.Әбдрашев), «Анаға апарар жол» (реж. А.Сатаев), «Оралман» (реж. С.Құрманбеков), «Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» (реж. Т.Теменов), «Шыңырау» (реж. Ж.Жетіруов), «Жат» (реж. Е.Тұрсынов). Бұдан бөлек «Күлтегін» (реж. А.АӘбілдинов), «Jumper» (реж. АрманБейсембаев) және «Мұзбалақ» (реж. Т.Майдан, Т.Төлеуғазы) сынды анимациялық фильмдердің трейлерлері көрсетіледі.

«Бұл шара біздің киномыз бен мәдениетіміздің дамуына әсер ететіндіктен, қазақ кинематографистері мен мәдениет қайраткерлері үшін өте маңызды оқиға болып отыр. Осыған орай, мен көркем өнерді бағалай білетін Венеция қаласына шақырып, біздің кинематографиямызды таныстыруға мүмкіндік бергені үшін италиялық ANICA халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабилеге алғысымды білдіремін. Біздің шарамыз тарихы терең және беделді кинофестивальдердің бірі Венеция кинофестивалі өтіп жатқан уақытта өткізіліп жатқаны көңіл қуантады,» - деді Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева.

Сондай-ақ, шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрілігі құрылтайшысы болып табылатын «Еуразия» кинофестивалі таныстырылады.

Айта кетейік, «Еуразия» – Халықаралық киноөндірушілер қауымдастығы (FIAPF) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум.

Сонымен, Венецияға баратын делегация құрамында Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талға Теменов бастаған режиссерлер мен актер Санжар Мадиев және өзге де кино саласының мамандары болады. Делегацияның құрамында Еуразиялық жоба нарығында жүлделі екінші орын алған (жүлде – «А» санатындағы кинофестивальге жолдама) жас режиссер Асхат Кучинчереков те бар.

75-і Венеция кинофестивалінің «Көкжиек» атты конкурстық бағдарламасында Қазақстан атынан Эмир Байгазиннің «Өзен» картинасы қатысады. Бұл картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» АҚ, Emir Baigazin Production-де түсірілген. Бұдан бөлек, режиссер Эльдар Шибановтың «Секс, қорқыныш және гамбургерлер» атты 19 минуттық картинасы да кинофестивальдің негізгі бағдарламасының қысқа метражды фильмдер секциясында байқауға қатысатын болады.

 
   

989 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз