Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Қыркүйек, 2018

Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Сергей Коновалов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998–2000 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері және аға зертханашысы болып жұмыс істеген.

2000–2002 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің бас маманы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2002–2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2008–2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі.

2016–2018 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі.

2018 жылғы наурыз айынан қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

 

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз