Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қыркүйек, 2018

Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты тергеу жұмыстары туралы айтты.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kazgazeta.kz  baq.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Денис Тенге қатысты екі қылмыскерге ұрлық, төбелес және өлтіру бабы бойынша айып тақтық. Ал әйелге қылмысты жасырды деген айып тағылды. Іс жақын арада қыркүйек айының соңына дейін сотқа жіберіледі», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.

Спортшыны өлтірді деген күдікпен Нұралы Қиясов және Арман Құдайбергенов қамауға алынды.

 

754 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз