Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қыркүйек, 2018

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Профтур» туристік орталығы құрылды

Түркістан облыстық кәсіподақ жанынан Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша «Профтур» туристік орталық құрылды. Мекеме шипажайларға жолдама, туристік саяхаттар мен кәсіподақ шипажайларын демалушыламен қамтамасыз етпек. Бұл туралы "On'tu'stik" телеарнасының ресми сайты хабарлайды.

Шараға туристік орталықтың  басшылары қатысып, жұмыс барысын түсіндірді. Айтуларынша, «Профтур» арқылы үйде отырып-ақ, шипажайларға бронь жасауға болады. Негізгі мақсат - жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін шипажайлы-ем қабылдауға белсенді тарту. Саяжайлардың қандай ауруларды емдей алатыны жөнінде де кеңес береді.  Халыққа тиімділігі -  жолдамалар шипажай бағасымен, үстемесіз сатылады. Әрі орталық қызметкерлері шипажайлық мекеменің көрсететін қызметтері жөнінде толық ақпарат береді. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында орталық демалыс кезінде лагерьлер мен пансионаттарға жолдама береді. Оқушылар үшін мәдени-танымдық, экскурсиялық турлар ұйымдастырады.

Туристік орталық өткізіп жатқан ұйымдастыру іс-шаралары ішкі туризмді дамыту, халықты сауықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ шипажайларын жыл бойы демалушылармен қамтамасыз етуге бағытталған.

1387 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз