Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қыркүйек, 2018

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Ұлы Жібек жолы елдерінің халықаралық форумына қатысты

Түркi кеңесiнiң Бас хатшысы Бағдад Әмiреев, Ұлы Жiбек жолы елдерiндегi және жалпы туризм саласындағы әлемдiк трендтерге қатысты өзектi мәлелелерге тиімді шешімдер iздестiру және көкейкесті мәселелерін талқылау үшiн аға лауазымды үкімет өкілдері, туристік агенттіктер, сарапшылар және журналистер қауымын бiрегей платформада байланыстыруды мақсат еткен «Жібек жолы елдерінің халықаралық форумы» атты форумға қатысты. Бұл туралы Түркi кеңесi Хатшылығы хабарлайды. 
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы форумның ашылу сөзiнде Ұлы Жiбек жолы елдерінің арасындағы қатынастарды нығайту жолында көлік инфрақұрылымы, мәдениет пен туризмнің маңыздылығын атап өтті.
 
Бас хатшы Әмiреев форумда сөйлеген сөзiнде «Ұлы Жібек жолы бойындағы туризмді дамытуда түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Бас хатшы «барлық уақыттың ең ұлы жолы» ретiнде танылған Ұлы Жiбек жолын қайта жаңғыртудың және туристік әлеуеті жоғары болған осы бiрегей бағытты дамытудың тиімділігіне тоқталды.
 
Бұған қоса, Бас хатшы Әмiреев Түркі кеңесі мүше мемлекеттерінің Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін әлемге паш ететiн Заманауи Жiбек жолы бiрлескен турпакетiн  алға жылжыту мәселесiн көтердi. Ол, түркітілдес мемлекеттердің туристер ағынының орталығына айналатындай бірнеше салыстырмалы артықшылықтарына ие екенiн және Түркi кеңесiнiң осы бағыт бойынша Ұлы Жiбек жолы бойындағы туризмдi тиісті жобалармен әрі қарай дамыту жолында барлық қажетті шараларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Әмiреев, сондай-ақ, Ұлы Жiбек жолын орнықты және тұрақты туристік бағытқа айналдыру мақсатында Дүниежүзілік туризм ұйымы (ДТҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі басқармасымен тығыз байланыста жұмыс атқарғанын атап өттi.
 
Ашылу салтанатынан кейiн Қытайдың Циндао қаласының туризмді дамыту жөніндегі комиссиясының өкiлi Ванг Шужуан «Бір белбеу - бір жол» жобасының экономикалық аспап ретінде ғана емес, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы елдерiнiң достастығын нығайтатын туристік көпірге айналатынын айтты.
 
«Оrexca.com» халықаралық сайтының қабылдау бөлімінің бастығы Наталья Ревина айтқан сөзiнде «Ұлы Жiбек жолы» бойындағы туризмдi Өзбекстанда алға тарту тәжірибесі туралы ақпарат бердi.
 
Форум соңында Бас хатшы Әмiреев «Ұлы Жiбек жолы» ұлттық байқауының ресми марапаттау салтанатына қатысты.

1158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз