Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 25 Қыркүйек, 2018

Атырауда көші-қон орталығы ашылды

«Бірыңғай терезе» қағидасы бойынша еңбек мигранттары қызмет көрсету орталығының қызметтерін стандартты түрде алатын болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Көрсетілген қызметтердің ішінде шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелері, азаматтығы, тұрақты тұратын жері туралы анықтама берілетін болады. - Бұл біздің аймаққа келген шетел азаматтарының деректерін өңдеу үдерісін жылдамдатады.Бұрын шетелдік азаматтар Қазақстанға жұмысқа орналасу үшін рұқсатты бес күн ішінде алатын болса,қазір бұл жұмыс бір сағаттан аспайтын болды. Әрине, егер еңбек мигранттарының барлық құжаттары тәртіпке сәйкес келсе, - дейді Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Амангелді. Көші-қон қызметтерінің орталығында медициналық тексеру, саусақ іздері, сақтандыру полисін беру, сондай-ақ ЖСН алу , Қазақстанға жұмысқа орналасу үшін қажетті барлық рәсімдерден өтеді. Айта кетейік, соңғы жылдары Атырауда шетелдік жұмыс күшінің ағымы айтарлықтай өсті. Тек биылғы жылы Атырау облыстық ішкі істер департаменті 75 503 шетелдік азаматты уақытша тіркеуге алды. Қазақстанда жұмыс істеуге және оның уақытын созуға жыл басынан бері 55 мыңға жуық шетелдік азамат өтініш берген. Көші-қон орталығында жұмыс істеу үшін ІІД Көші-қон қызметінің 5 қызметкері және «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ-ның 10 қызметкері тағайындалды.

1398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз