Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қыркүйек, 2018

Адам саудасынан зардап шеккендерді анықтау және құтқаруға арналған апталық басталды

ЕҚЫҰ ұйымдастырған адам саудасынан зардап шеккендерді анықтау және құтқаруға арналған шынайы уақыттағы бір апталық  іс-шара бүгін Астана қаласында Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күрес жөніндегі аймақтық хабта басталды. Шынайы-уақытта ұйымдастырылып жатқан іс-шараға ЕҚЫҰ 14 мүше мемлекеттер мен серіктестерден келген 50-ден астам құқық қорғау органдары, еңбек инспекциясы, қаржы тергеу бөлімшелерінің, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік қызмет мамандары қатысуда.

Бірінші рет орыс тілінде өткізіліп отырған бұл инновациялық курс алдыңғы шептегі қызметкерлерге шын мәнінде нақты адам саудасы сценарийлерін құру мен кәсіби актерлерді қатыстыру арқылы адам саудасына қарсы іс-қимылдарды модельдеуге мүмкіндік ұсынады. Соның ішінде балалардың қатысуымен еңбек және жыныстық қанау жағдайларын модельдеу мақсатында жалған қорда, құрылыс алаңы және ауыл шаруашылығы алаңы ұйымдастырылды.

«Қаржы тергеу бөлімшелері, әлеуметтік және көші-қон органдары, заңгерлер мен үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, түрлі салалардағы сарапшыларды жинау арқылы, біз ЕҚЫҰ өңірінде мамандардың ведомствоаралық және көпбейінді желісін үйлестіру бойынша жұмыс істеудеміз», - деп ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші міндетін атқарушы Валиант Ричи деді. «Біздің модельдеу жаттығуларымыз шынайы, практикалық  бола тұра, шектес салаларды қамтиды. Олар адам саудасынан зардап шеккендерді анықтау, оған қатысты істерді тергеу және қанаушылар мен орындаушыларды жауапкершілікке тарту мақсатында қатысушы мемлекеттердің  әлеуетін арттыруға бағытталған.

Мұндай тәсіл бұрынғы қатысушылардың, соның ішінде прокурорд Давид Манчинидің сипаттауынша «шын мәнінде бірегей», ал қорытындылары  «әдеттегіден тыс» болып табылады, өйткені оқыту нәтижесінде барған сайын «барлық қатысушылар үшін шындық және модельдеу арасындағы шекара бұлыңғыр» болды.

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Андрей Лукин: «Мемлекетаралық ынтымақтастық өте маңызды. Әртүрлі елдердегі орындаушылардың үйлестірілген және үйлесімді жұмысы адам саудасына қарсы іс-қимылдың тиімділігін анықтайды. Сондықтан ЕҚЫҰ-ның қолдауымен өткізіліп отырған 14 мемлекет өкілдерінің қатысуымен модельдеу оқу бәрімізді осы зұлымдықпен қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге шақырады». Бұл жоба ЕҚЫҰ Адам саудасымен күресу үшін арнайы өкілі кеңсесінің жаңа мемлекетаралық және салааралық көзқарас арқылы адам саудасының құрбандарын тиімді анықтау және көмек көрсетудегі тұрақты күш-жігерінің бөлігі болып табылады. ЕҚЫҰ дала миссиялары, соның ішінде Астанадағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылған Астанадағы симуляциялық жаттығу, Италияның Виченца қаласында өткізілген осындай төрт жаттығулардан кейін орын алып отыр. Келесі іс-шара 2018 жылдың желтоқсанында Виченца қаласында өтеді.

710 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз