Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қыркүйек, 2018

«Томирис» фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр

Массагеттер патшайымы туралы – «Томирис» ауқымды тарихи фильміне арнайы «Қазақфильм» киностудиясының территориясында соғылған «Вавилон» декорациясында соңғы түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Фильмнің бас продюсер – Әлия Назарбаева, қоюшы режиссері – Ақан Сатаев.

Былтыр сәуір айында «Қазақфильм» киностудиясы «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Томирис» фильмін өндіріске жіберген болатын. Фильм біздің заманымызға дейінгі VI ғасыр массагеттер патшайымының бастауымен байтақ даланы басып алуды көздеген парсы патшасы ІІ Кирге ойсырап төтеп бергені туралы баяндайды.

Фильмнің сценарий авторлары Әлия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов. Фильмнің түсірілімдері былтыр қазан айында басталған. Оған еліміздің және шетелдің кәсіби мамандары тартылып, шетелден скрипт-доктор мен компьютерлік графика саласының мамандары шақырылған.

Жалпыреспубликалық кастингтің нәтижесі бойынша басты рөлге 15 000 үміткер анықталып, актриса-дебютант Альмира Тұрсын таңдалып алынды. Сонымен қатар, фильмде танымал отандық актерлер: Әділ Ахметов, Берік Айтжанов, Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды және басқалар түседі. Кирдің рөліне «Царство небесное» фильмі арқылы танылған ұлты араб америкалық актер Гасан Масуд шақырылған. Айта кетелйік, барлық бсты кейіпкерлер тренерлік дайындықтан өткен. Ұрыс сахналарын қоюшы Жайдарбек Кунгужиновтың «Nomad» лагерінде атқа міну, садақпен ату, суық қаруды меңгеру, ат үстінде пайдалана білу сынды басқа да әскери әрекеттерді үйренген. Басты кейіпкерлер мен эпизодта ойнайтын актерлерге 1000 киім комплект, ал Томириске 20 костюм тігілді. Сонымен қатар, 10 мың қару-жарақ жасалған.

1162 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз