Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 26 Қыркүйек, 2018

Президент Душанбеде өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта қатысатын іс-шаралардың аңдатпасы жарияланды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Биылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Душанбе қаласында өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады. Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл және Түркістан облыстарына, Шымкент қаласына барады.

572 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз