Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қыркүйек, 2018

Алматыда Бостандық ауданының әкімі тағайындалды

Алматының Бостандық ауданы әкімі тағайындалды. Жаңа қзметке Әуезов ауданының әкімі болған Алтай Рахымбетов келді. 

Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы 1973 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Өскемен энергетикалық техникумды тәмамдаған. Жол-құрылысы институтына түсіп, "инженер-құрылысшы" мамандығын меңгерген.  Алтай Рахымбетов 1995 жылы қаңтарда Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасында жұмыс істеген.

2005 жылы Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы болып тағайындалды.

2005 наурыз - 2006 желтоқсан аралығында Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінде бөлім басшысы болып тағайындалды.

2009 жылдан бастап осы ведомствода директордың орынбасары болды.

2010 жылы желтоқсан - 2015 ақпан аралығында Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында басшы болды. 2015 жылы 20 ақпанда Әезов ауданы әкімі қызметіне тағайындалған еді.

1130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз