Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Қыркүйек, 2018

Шымкенттік студенттер Кореяда білім алады

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде корей тілінде білім беретін орталық ашылып, арнайы емтиханнан өткендердің Кореяда оқуына мүмкіндік жасалды. Осылайша, шымкенттік студенттер Кореяда білім алатын болды.

Қазір мегаполисте Бас Консулдың қатысуымен Кореяның мәдени күндері өтуде.  Оқу орнынан ашылған орталықта студенттер тегін, ал қалған азаматтар ақылы негізде корей тілін үйренуге мүмкіндік алды. Екіжақты байланысты одан әрі дамыту мақсатында оқу орнында  арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып,  кәріс халқының ұлттық ерекшеліктері көрсетілді. Жиналған қауым  корей елінің ұлттық киімдерін киіп көріп,  ұлттық тағамдардан дәм татты. Екі күнге созылатын Корей халқының мәдени күндері аясында хип-хоп бағытындағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, студенттер арасында викториналық жарыс өткізілмек.

 

538 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мақтааралда жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Келесі мақала Арыс қаласында БАҚ өкілдерінің ақпараттық туры ұйымдастырылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *