Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Қыркүйек, 2018

Арыс қаласында БАҚ өкілдерінің ақпараттық туры ұйымдастырылды

Кеше Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі және Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласында Республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің ақпараттық туры ұйымдастырылды. Тілшілер  қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын бақылап, бірқатар халықтың тұрмыс жағдайында маңызы зор  нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Журналистер  ақпараттық турды  қала әкімі М.Қадырбектің жетекшілігімен Арыс қаласы және Ақдала ауылдық округіне қарасты Онтам елді мекеніне, сондай-ақ, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Сырдария елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарымен бастады.

Кейінірек олар «Көктем-2» тұрғын ауданындағы құрылысы жүріп жатқан және салынып пайдалануға берілетін 3 қабатты 36 пәтерлік үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары 2015 жылы бектілген, жалпы қала бойынша 1300-ден астам азамат үй кезегінде тұр.

 Арыс қаласында "Арыс минералды су" ЖШС цехы жұмыс істейді. Бұнда жылына 18 млн. литр су шығаруға болады. Кәсіпорын директоры Руслан Полатханұлының айтуынша, Арыстың минералды суының денсаулыққа пайдасы зор. Цехтан шығарылатын минералды сулар Арыс қаласымен қатар Түркістан облысының аудан, қалаларына тасымалдануда.

БАҚ өкілдері «Самұрық – Қазына Транстың» демеушілігімен «Көктем-2» тұрғын ауданындағы спорт алаңшасын,  Әл-Фараби көшесінде бой көтерген «Мәңгілік ел» және Д.Қонаев көшесі бойындағы «Құрметті азаматтар» саябағын абаттандыру жұмыстарымен танысып, жалпы 870 бас ірі қара малдың, оның ішінде 770 бас сиырдан күніне әрбірінен 21 литр сүт өндіретін «Қазына жер» LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

1774 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз