Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 28 Сәуір, 2011

Сұранысқа ие – кеңсе тауарлары!

Жыл өткен сайын ел экономикасында түрлі өзгерістер орын алып, шикізат өндіру көлемі ұлғайып келеді. Қазақ жерінде шығарылатын кеңсе тауарлары да осының айғағы бола алады. 2006 жылы кеңсе бизнесі саласындағы ортақ мақсатта «Ақ-Қала XXI» компаниясы құрылған еді. Компания бизнес пен сатылымда ең қажет ететін және де мол сұранысқа ие болатын тауар – форматтық қағаздарды шығарумен айналыса бастады. Тәжірибе жүзінде байқап көрген алғашқы тауарлар сәтімен сатылып, кіріс көзі кіре бастайды. Біртіндеп компанияның қызметі жайлы ақпараттар шетелдерге де тарай бастайды. Баспа қағаз өндірудің әлемдік көшбасшысы Американың IP компаниясымен серіктестік құрып, бірлесе қызмет ететін шешімге қол қойды. Американың озық компаниясымен жасалған үш жылдық серіктестік арқасында, үлкен көтерме сауда операторына айналып отырған жайы бар.«Ақ-Қала XXI» компаниясы нарықтағы әуелгі жұмысын көтерме-бөлшектік сауда кәсіпорны ретінде байқады. Қазақстанның жан-жақты аймақтарына вагонмен қағаз және көтермелі кеңсе тауарларын тасымалдау бизнесінің бастауы — компанияның алғашқы жылдарында-ақ үлкен сауда айналымына ие болуына мүмкіндіктер туғызды. Соның нәтижесінде кеңсе нарығындағы кәсіби мамандардың қағидаларына төтеп бере алатындай дәрежеге жетіп отыр. Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Даму жоспары бойынша нарықтағы сатылым көзін кеңейту мақсатында еліміздің өзге қалаларында да филиалдар ашыла бастады. 2006 жылдың екінші жартысында Қостанай, Астана қалаларында көтерме-бөлшектік сауда орындарының филиалдары жұмысын бастап кетті. Ал 2009 жылы Орталық базар жанынан қосымша тағы бір сауда орны ашылды.Кәсіпорынның негізгі мақсаты – сатылым көлемінде бөлшектік және корпоративтік бөлімдерді дамыту. Осы мақсатты түбегейлі жүзеге асыру барысында www.ak-kala21.kz интернет сайты ашылып, мәліметтер жүйесі кеңінен топтастырылды. Бүгінгі таңда отандық кеңсе тауарларын шығаратын компания шетелдің бірқатар кәсіпорындарымен серіктестік орнатып, бірлесе отырып табанды жұмыс жасап келеді. Соның бірі АҚШ қағазы А4, А3 форматтарын сатылымға енгізетін «Интернешнл Пейпер» ЗАО. Бұл компания форматты қағаздар мен қаптама материалдарды өндіретін дүние жүзіне аты танымал кәсіпорын. 2007 жылы ағылшындық кәсіпорын ағаш материалдары саласында бес жыл қатарынан Fortune журналында бірінші орынға ие болған. Екінші бір серіктестік – Германия елінің «Bantex» компаниясы. Пластикті кеңсе тауарлары, былғары портфельдер, сөмкелер, файлдар мен планшеттер, тағы басқа қажетті құралдарды шығарады. 40 жыл ішінде, Bantex өзінің жарамды бағадағы жоғары, сапалы тауарлары арқылы аты шықты. Компания әрдайым қоршаған ортаға зиянсыз өнімді дайындауды алдына мақсат етті және соған орайластырып қызмет жасады. Дүние жүзі елдерінде 95-тен аса филиалдары ашылып, тұтынушыға сапалы тауарлар дайындалып шығарылады. «Ақ-Қала XXI» компанияның тағы бір серіктестігі – «Восход» АҚ болып табылады. Ресейдің аталмыш компаниясы қағаз өнімін өндіретін ең ірі кәсіпорын есебінде және осы маркасы 45 жыл бойы нарықта танымал болып келеді. Басты тауарлар: күнделік, дәптер, альбомдар, сызба папкалары, блокноттар, телефон кітаптары, анкеталар,сурет салу кітаптары, есеп кітабы, т.б. Жалпы алғанда 2000-нан аса тауар тұтынушы игілігіне өндіріледі. Қазіргі заман – компьютерге қол-аяғын байланған уақыт. Себебі жұмыстағы қажеттіліктің басым көпшілігін компьютер іске асырады десем қателеспеймін. Десек те, кеңсе тауарлары ақпаратты өңдеу мен жеткізуде маңызды мәнге ие. Бизнес орталықтарында, мектеп оқушылары мен ұстаздарына, журналистерге, яғни көптеген мамандық иелері кеңсе тауарларына жүгінбей қоймайды. Ал отандық кәсіпорын «Ақ-ҚалаXXI» мектеп пен кеңселерге арналған тауарлар, қағаз өнімдері, кеңсе жабдықтары, жиһаздар, компьютер жабдықтары, кәдесыйлар бұйымдары, шығын материалдары және т. б. өнімдердің кең түрлерін ұсынады. Сапасы мен талғамы жоғары отандық өнімге тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейеді деп сенеміз. Мақпал Сағындыққызы

3327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз